Доллар бағамы 384 теңгеге дейін қымбаттады
Опубликовано:
Қазақстандық қор биржасында (KASE) өткен таңертеңгілік сессия қорытындысы бойынша 17 шілдеде доллардың орта есебі 383,9 теңгені құраған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сонымен қатар, 16 шілде күні таңертең доллардың бағамы бір долларға 382,56 теңге көрсеткішімен жабылды. Осылайша, ұлттық валюта америкалық валютадан 1,4 теңгеге арзандаған.
Kurs.kz мәліметінше, айырбас нүктелеріндегі доллардың ең жоғарғы сатылымы 385,7 теңгені құрады.
Ұлттық банктің ресми (нарықтық) бағамы сәрсенбі күні 383,01 теңгені көрсетуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1805220-dollar-bagamy-384-tegege-dejin-kymbattady/