Алматы – Бішкек тас жолында жүк көлігі автобусты қағып кетті (фото, видео)
Опубликовано:
Алматы облысында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі қақтығысып, жүргізуші қаза тапты деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала болжам бойынша, Алматы-Бішкек тас жолының 20-шақырымда жол-көлік оқиғасы орын алған.

Басылымның мәліметінше, автобус аялдамаға тоқтаған сәтте жүк көлігі оны қағып өтіп, бірнеше метр жерге алып кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқан.

Әзірге оқыс оқиғадан кімдердің зардап шеккені белгісіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1805311-almaty---biskek-tas-zolynda-zk-kligi-avtobusty-kagyp-ketti-foto-video/