Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана" Чемпиондар лигасынан шығып қалды (видео)

Опубликовано:

Румыниялық Клуж-Напокада "Астана"-"ЧФР Клуж" жауапты кездесуі өтті. Қазақстандықтар алаң иелерінен айласын асыра алмай, Чемпиондар лигасынан шығып қалды. Енді елордалық клуб Еуропа лигасында бақ сынайды деп жазады Sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: fcastana.kz
Фото: fcastana.kz: Facebook

Астаналықтар румыниялық клубқа 3:1 есебімен есе жіберді. 4- минутта Роман Муртузаев "Астана" футбол клубын алға шығарғанымен, басымдықты ұстап тұру мүмкін болмады.

Есеп 9-минутта теңесті. Кейіннен елордалық клубтың қақпасына тура бағытталған тағы екі доп (26 және 74 минутта) ойын көрсеткішін өзгертті.

Осылайша, "Астана" Еуропаның басты турнирінен шығып қалды. Енді қазақстандық клуб Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне бақ сынамақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1805484-astana-cempiondar-ligasynan-sygyp-kaldy-video/

pixel