Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ыстықкөлде жоғалып кеткен қазақстандықты Қырғызстаннан шығармай жатыр

Опубликовано:

Ыстықкөлде жоғалып кеткен Аркадий Мальковты Қырғызстан Республикасының аумағынан шығармай жатыр. Бұл туралы үш күн бойы іздестірілген қазақстандықтың жары мәлімдеді. Оның айтуынша, ер адамды батып кеткен скутер салдарынан жібермеуде деп жазады Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Аркадий Мальков. Фото: Одноклассники сайтынан
Аркадий Мальков. Фото: Одноклассники сайтынан: Depositphotos

Әйел адам күйеуі қырғызстандық АІІБ-лардың бірінде екенін айтты. Оның сөзінше, скутердің иесі 5,5 мың доллар көлемінде есепшот шығарған.

Мұндай сомма жолдасының қолында жоқ екенін жеткізген келіншек қажетті қаржы оның жеке шоттарында болуы мүмкін екенін алға тартты. Алайда, жолдасынсыз ол жердегі қаражатты әйел адам өздігінен ала алмайды.

Татьяна жәбірленушілер тарапынан нарызылықтар мен талап-тілектер салдарынан істі жаба алмай жатқанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, ол күйеуінің экстримді қатты жақсы көретінін де мойындады.

Келіншек скутер иесіне әзірге бар қаржыны беріп, қалғанын кейін қосып беруді ұсынған. Бірақ, ол бұл ұсыныстан бас тартып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1805487-ystykklde-zogalyp-ketken-kazakstandykty-kyrgyzstannan-sygarmaj-zatyr/

pixel