Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жүкті әйел сауда орталығында босанып қалды

Опубликовано:

Ақтөбеде аяғы ауыр келіншек ойын-сауық орталығында босанып қалды. Дүкен аралап жүрген әйелдің толғағы аяқ астынан басталып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото:lady-life.info
Фото:lady-life.info: Instagram

Тосыннан орын алған бұл қуанышты оқиғаны сауда орталығы Instagram парақшасында жарияланған.

Жазбада, жүкті келіншектің әйелдерге арналған бутикке кірген сәтте толғағы басталғаны айтылған.

Ойын-сауық орталығының қызметкерлері жедел іске көшіп келіншекті босандырып алған.

Жедел жәрдем қызметі келгенше, нәресте дүниеге келіп қойған. Оның салмағы 3,4 келі, бойы - 52 см.

Сондай-ақ жазбада жас ана мен жаңа туған нәрестеге сауда орталығының атынан ыдыс аяқ жиынтығы тарту етілгені де жазылған.

Өз кезегінде желі қолданушылары жас ана мен баласына жылы лебіздерін жазуда.

"Бұл өте керемет жағдай болды. Мен сол күні қарама-қарсы дүкенде жұмыс істеген болатынмын. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Ана мен балаға денсаулық тілеймін", - деді куәгер әйелдердің бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1805701-aktbede-zkti-jel-sauda-ortalygynda-bosanyp-kaldy/

pixel