Алматыда бір уақытта жеті қалта ұрысы ұсталды (фото)
Опубликовано:
Алматыда өткен күні "бөтеннің мүлкіне қол салған" жеті қалта ұрысы ұсталды деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қалалық қылмыстық полицияның мәліметінше, олардың бесуі қоғамдық орында, екеуі қоғамдық көлікте қолға түскен.
Оларды автобуста жедел-іздестіру бөлімінің қызметкерлері құрықтаған. Ұсталғандардың арасында әйел адамдар да бар.
Ведомство ұсталғандардың әрқайсысы мүліктік қылмыс жасағаны үшін бұрын істі болғандарын хабарлады.

"Өткен күнгі кезекшіліктің нәтижесі бойынша бөтеннің мүлкіне қол салған жеті күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.
Жақын күндері оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу кезінде бұлтартпау шарасы тағайындалады", - деді полиция.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1805961-almatyda-bir-uakytta-zeti-kalta-rysy-kolga-tsti-foto/