Тоқаев Қанат Исламды қабылдады (фото)
Опубликовано:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қабылдады деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
![Фото: Ақорда Фото: Ақорда](https://cdn.nur.kz/images/1120/5686f10253898385.jpeg)
Кездесу барысында еліміздегі кәсіпқой боксты және балалар мен жасөспірімдер спортын, соның ішінде ауылдық жерлерде бокс үйірмелерін дамыту мәселелері талқыланды.
Орта салмақтағы WBO Inter-Continental белбеуінің иегері Қанат Ислам Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің спортшыларына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
Мемлекет басшысы боксшының алдағы өтетін жекпе-жектерде жеңіске жетуіне тілектестігін білдірді.
![Фото: Ақорда Фото: Ақорда](https://cdn.nur.kz/images/1120/3dc524a2bc5130cd.jpeg)
![Фото: Ақорда Фото: Ақорда](https://cdn.nur.kz/images/1120/f86c789d74b8c832.jpeg)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1805993-tokaev-kanat-islamdy-kabyldady/