Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

16 жасында сүйгенінен жүкті болып қалған шымкенттік ару жан сырымен бөлісті

Опубликовано:

16 жасында сүйген жігітінен жүкті болып қалған бойжеткен жан сырын ақтарды. Жас қыздың екіқабат екенін білген ғашығы оны сол уақытта тастап кеткен екен деп хабарлайды "Алаш айнасы".

Фото:infox.ru
Фото:infox.ru: Instagram

Бүгінгі таңда 18 жасқа келген ару өзінің ісінен соң ата-анасының жиі ұрысып қалатынын сөз етті.

"Жасым 18-де. Осыдан екі жыл бұрын ақымақтығымнан, екіқабат болып қалдым. Жақсы көрген жігітім бір-ақ күнде "Бала менікі емес" деп кете барды. Анам мен əкем біліп, үйде айқай-шу болды. Бар ауыртпалық анама түсті, жылап-жылап жүрегі ауырды. Баланы алдыртқым келген, бірақ бәрі кеш болды.
Кейін ұл тудым, мамам "өзімізге аламыз" деді. Үйде үш қыз болғасын, баланы өздері бағатынын айтты. Мен де келістім. Әкесіз өскенше, мені өсірген əкем мен анамның қолында өссін деп ойладым", - дейді бойжеткен.

Кішкентай нәресте бойжеткеннің отбасына қуаныш сыйлаған. Алайда ол әкесі мен анасының кезекті жанжалынан соң баланы алып, өзге жаққа кетуді ойлаған.

"Осыдан бір апта бұрын əкем мен анам ұрысып қалды. Анам маған "Сенің кесіріңнен ұрысып қалдық. Жолдан бала тауып нең бар еді. Енді әкең осыны өмір бойы бетіме басатын болды" деді.
Осы сөзден кейін өзімді қоярға жер таппадым. Отырып ойландым. Бəрі менің кесірімнен болса, баланы алып кетейін. Бізді көрмесе, көзіне күйік болмасақ, анама да ауыр сөздер айтуды қоятын шығар. Шымкентте аналар үйінің мекен жайын кім біледі? Кеңес беріңіздерші", - деді жас қыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806005-16-zasynda-sjgeninen-zkti-bolyp-kalgan-symkenttik-aru-zan-syrymen-blisti/

pixel