Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында ауа райы қатты ысымақ
Опубликовано:
Синоптиктер 20 шілде, сенбі күні Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында ауа райы қатты ыстық болады деген болжам жасауда деп хабарлайды Gismeteo.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтан қаласында түске қарай ауа 26 градусқа дейін қызады.
Кейінірек ыстық 31-32 градусқа дейін күшейеді. Кешке 25 градус жылы болады, ал жел 8 м/с дейін жетеді.
Алматы қаласында таңертеңнен бастап ауа райы өте ыстық болады. Сағат 9-да 27 градус нөлден жоғары болады.
Күн ортасында температура тағы 10 градусқа өседі. Кешке 28 градус ыстық болады деп болжануда. Күн желсіз, ашық болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806153-almaty-men-nr-sltan-kalalarynda-aua-rajy-katty-ysymak/