Қазақстан тумасы АҚШ-та ДАИШ ұйымына көмектескені үшін айыпталуда
Опубликовано:
АҚШ азаматтығын алған Қазақстан тумасы Руслан Асаиновқа ДАИШ террористік ұйымына кіріп, көмек көрсетті деген айып тағылуда деп хабарлайды ABC News-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Америкалық прокуратура мән-жайды баяндап берді. Олардың мәліметінше, Руслан Асайынов Қазақстанда дүниеге келген. Алайда, содан кейін АҚШ-қа көшіп, азаматтығын алыпты. Ер адам Нью-Йоркте тұрып келді.
2013 жылы ол Стамбулға, ал кейін Сирияға барған. Ол жерде ер азамат лаңкестік ұйым қатарына еніп, мерген атанды деп нақтыланды қадағалау органында.
Онда ол "эмир" - қарумен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаушының деңгейіне жетті.
Қазақстанның тумасы басқа америкалықты ДАИШ жағында күрес жүргізу үшін Сирияға келтіртпек болған.
Қазіргі уақытта Асайынов АҚШ-қа жеткізілді.
"Айыпталушы оны қабылдаған елден бұрылып, топқа қосылды", - деп атап өтті АҚШ-тың федералды прокуроры.
Тергеу амалдары жүргізілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806158-kazakstan-tumasy-aks-ta-dais-jymyna-kmekteskeni-sin-ajyptaluda/