Алматыда орталық көшелер үш күнге жабылады
Опубликовано:
Оңтүстік астананың кейбір көшелері жолдарды жөндеу жұмыстарына байланысты 20, 21 және 22 шілдеде жабылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қала жолдарын жөндеумен айналысатын мердігер компанияның хабарлауынша, мынадай учаскелер жабылады:
- Абылай хан даңғылы, Мақатаев көшесінен Маметова көшесіне дейінгі учаске, 20 шілде 22: 00-ден бастап 21 шілде 06:00-ге дейн;
- Абылай хан даңғылы, Қабанбай батыр көшесінен Гоголь көшесіне дейінгі учаске, 20 шілде 22: 00-ден бастап 21 кілде 06:00-ге дейін;
- Жамбыл көшесі, Гагарин даңғылынан Жароков көшесіне дейінгі учаске, 20 шілде 22: 00-ден бастап 21 шілде 06:00-ге дейін;
- Жамбыл көшесі, Жароков көшесінен Әуезов көшесіне, 21 шілде 22: 00-ден 22 шілде 06:00-ге дейін;
Компания алматылықтар мен оңтүстік астананың қонақтарынан алдын ала маршруттарды жоспарлауды сұрады.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806204-almatyda-ortalyk-kseler-s-knge-zabylady/