Тоқаев: Әкем өмірінің соңына дейін Сталинге риза болып өтті
Опубликовано:
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "31 арнада" көрсетілген "Президент 2.0" деректі фильмінде бірқатар сұрақтарға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Деректі фильм барысында мемлекет басшысы әкесі Кемел жайында сөз қозғады.
"Ол өмірінің соңына дейін соғыста жеңгені үшін Сталинге риза болып өтті. Бұл жерде үлкен қарама-қайшылық туындап тұр. Бір жағынан алып қарағанда, ол Сталиннің кесірінен жетім қалды. Ал екінші жағынан алып қарасақ, ол Сталинді Кеңес одағы қарулы күштерінің Ұлы қолбасшысы деп санады", - деді Тоқаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806326-tokaev-kem-mirini-soyna-dejin-stalinge-riza-bolyp-tti/