Нұр-Сұлтанда көше ортасында тыр жалаңаш жүрген ер адам жұртты шошытты (видео)
Опубликовано:
Желіде елордадағы көшелердің бірінде жалаңаш серуендеп жүрген ер адамның видеосы тарап кетті. Желі қолданушылары азаматтың бұл әрекетін түсіне алмай әлек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео желідегі Astanovka парақшасында пайда болды. Онда көше ортасында жалаңаштанған ер адамның серуендеп жүргенін анық көруге болады.
Автор: "Астана. Кешкі уақыт. Жеңіс көшесі бойында жалаңаш ер адам алаңсыз жүріп келеді...", - деп жазған.
Желі қолданушылары азаматтың бұл әрекетін түсіне алмай әлек болған. Олар "Бәстескен шығар", "Ұят-ай", "Астананың терминаторы", "Ыстықтан шығар" деген әзіл-шыны аралас пікірлерді жаудырып жатыр.
Ал, Sputnik Қазақстан басылымының мәліметінше, оқиға расымен де кеше 20:45-те Жеңіс және Бөгенбай батыр даңғылында орын алған екен.
Қоғамдық тәртіпті бұзушы 39 жастағы ер адам болған.
"Полиция экипажы ер адамды полиция бөлімшесіне әкетіп, жедел-жәрдем бригадасын шақырды. Тексерістен кейін дәрігерлер 1970 жылғы азаматты алып кетті", - деп түсіндірген басылым.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806629-nr-sltanda-kse-ortasynda-tyr-zalaas-zrgen-er-adam-zrtty-sosytty-video/