Алматыда кішкентай бала кәмпиттен мерт бола жаздады
Опубликовано:
Алматылық Аида Барлыбаева дүкеннен үйге оралғанда ұлының кәмпитке қақалып тұрғанын байқаған. Бала қатты булығып, сосын есін жоғалтқан деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға 19 шілде күні орын алған. Баланың анасы ұлын өзі қалалық №11 аурухағана алып келген. Медициналық мекеме ұлының механикалық асфиксияға ұшырағанын анықтады.
Басылымның мәліметінше, дәрігерлер кәмпитті баланың тамағынан бес минутта шығарған.
Содан кейін балдырған терең демалып, есіне келген.
Баланың анасы Аида кәмпитті өз бетінше шығара алмағанын, дәрігерлердің жылдам әрекет еткенін атап өтті.
Ол тиісті медициналық көмек көрсеткен ақ халаттыларға алғысын білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806814-almatyda-kiskentaj-bala-konfetten-lip-kala-zazdady/