Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында бір түнде 10 есек ұрлаған адам ұсталды

Опубликовано:

Алматы облысында белгісіз біреу бір түн ішінде он есек ұрлап, оларды өңір маңайында сатып үлгерген деп хабарлайды newtimes.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Шілденің ортасында Қытаймен шекаралас Ұйғыр ауданында белгісіз біреу небәрі бір түн ішінде Үлкен Дехқан ауылы тұрғындарына тиісілі 10 есекті ұрлап кеткен.

Таңертең қорада есектерінің жоқтығын байқаған тұрғындар тәртіп сақшыларына жүгінген. Өз кезегінде олар барымташының тұлғасын анықтай алған.

Ұйғыр ауданының жедел қызметкерлері оның Шонжы ауылының 30 жастағы тұрғыны екенін мәлімдеді.

Белгілі болғандай, күдікті Алматы маңындағы Талғар ауданы ауылдарының бірінде ұрланған малдарды төменгі бағамен сатқан.

"Сатып алушы анықталды. Одан ұрланған есектердің барлығы табылды. Қолды болған жануарлар заңды иелеріне қайтарылды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, Талғар ауданының тұрғынына қатысты ұрланған мал сатып алу және сатып алу үшін жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806925-almaty-oblysynda-bir-tnde-10-esek-rlagan-adam-staldy/

pixel