Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біздің саябақ бұдан таза": Әбдірахымов Шымкентті Лондонмен салыстырды (видео)

Опубликовано:

Лондонда жүрген Ғабидолла Әбдірахымов Ұлыбритания астанасындағы Green park пен Шымкенттегі дендросаябақты салыстырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ғабидолла Әбдірахымов. Фото: Әкімнің видеосынан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.
Ғабидолла Әбдірахымов. Фото: Әкімнің видеосынан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.: Instagram

Таңертең серуендеуге шыққан Шымкент әкімі видеоны Instagram желісіне жүктеген.

"Green park". Лондон. Таңғы сағат 6:30. Адамдар барлық жерде бірдей ғой. Ол Шымкентте болсын немесе Лондонда?! Бөтелкелерді тастап, "жинамайды» деп билікті кінәлайды.
Көрдіңіздер ме, қоқыс. Шынымды айтсам, таңғы 6:30-да біздің дендросаябақ бұдан әлдеқайда таза болады. Дегенмен, Лондонның саябақтары әлемдегі ең таза боп саналады. Әрине, біздің Шымкенттің саябақтарынан кейін ғана", - деді Әбдірахымов видеода.

Айта кетейік, Лондонда жүрген Ғабидолла Әбдірахымовтың қазақстандықтарға сәлем жолдағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806931-bizdi-saabak-bdan-taza-bdirahymov-symkentti-londonmen-salystyrdy-video/

pixel