"Қазір де өзекті": Байбек Абайдың өлеңін оқыды (видео)
Опубликовано:
Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Abai175 челенджін қабылдап, ұлы ақынның "Сәулең болса кеудеңде" атты шығармасын оқып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Байбек ұлы ақынның өлеңнін оқыған сәтін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
"Абай – қазақ руханиятының айнасы, кемел дүниетанымының көрінісі. Абай мұрасы – ақылдың кені, сарқылмас рухани қазына. Ұлы ойшылдың қай туындысын алсаңыз да, салиқалы ой, салмақты тұжырымға тұнып тұр", - деп жазды Байбек.
Бұдан бөлек, шенеунік ұлы ақын шығармашылығының құндылығына тоқталып өтті.
"Ұлы Абайдың өсиет еткен ой-пікірлері, бізге мұра етіп қалдырған қара сөздері мен өлеңдері тағлымды мән-мағынаға толы, қазір де өзекті. Олардың негізгі түйіні бірлік, еңбек және адамгершілік секілді басты құндылықтардың өзегінде тоғысқан. Қашанда елдіктің бастауы – бірлікте", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807074-kazir-de-zekti-bajbek-abajdy-lein-okydy-video/