Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Найзағай, бұршақ, жел: Төрт облыста дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Еліміздің төрт өңірінде дауылдық ескерту жарияланды. Қазақстанның кей аймақтарында желдің екпіні, жауын-шашынның күшеюі күтіледі деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Cиноптиктердің мәліметінше, 25-27 шілде аралығында еліміздің басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы күтіледі.

Әсіресе, Қазақстанның батыс, солтүстік және шығыс бөлігінде қатты жаңбыр жауады. Бұл аймақта найзағай, бұршақ болып, желдің екпіні күшейеді.

Еліміздің оңтүстігінде ыстық ауа райы сақталады. Термометр бағаны 33-40 градусты көрсетпек.

Ертең, 25 шілдеде Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Қостанай облыстарында ауа райының бұзылуы күтіледі.

Синоптиктердің болжамынша, осы уақыт аралығында еліміздің шығысында түнде қатты жаңбыр жауады.

Сонымен қатар, күн күркіреп, қатты жел соғуы мүмкін. 25 шілдеде осы облыста бұршақ жауады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Метеорологтардың сөзінше, Семей мен Өскеменде найзағай мен бұршақ болады.

Сондай-ақ, Қазақстанның солтүстігінде күн күркіреп, бұршақ жауып, жел күшейеді. Тұман түсуі де ықтимал.

Петропавлда да осындай ауа райы болады, онда желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

25 шілдеде Түркістан облысында жел күшейіп, шаңды дауылға айналуы мүмкін.

Ертең Қостанай облысында күн күркіреп, тұман болады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807090-najzagaj-brsak-zel-kazakstanny-trt-oblysynda-dauyldyk-eskertu-zarialandy/

pixel