Бердімұхамедовты қазасы туралы хабардан соң жергілікті телеарналардың бірі көрсетті
Опубликовано:
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов өзінің өлімі жайлы хабардан кейін алғаш рет жергілікті телеарналардың бірінен көрінген деп хабарлайды Хроника Туркменистана-ға сілтема жасаған KAZ.NUR.KZ.
![Гурбангулы Бердымұхамедов. Фото: hronikatm.com Гурбангулы Бердымұхамедов. Фото: hronikatm.com](https://cdn.nur.kz/images/1120/24ea2ee252dc5b1c.jpeg)
Басылымның мәліметінше, ол тоғыз күн бойы ел алдына шықпаған. Алайда кеше 24 шілде күні, ол жергілікті мемлекеттік телеарналардың біріндегі телесюжетте байқалған.
Қазіргі таңда Түркіменстан президенті демалыста, десе де ол, Ашхабад-сити деп аталатын жаңа қаланың құрылысына қатысты бірқатар құрылыс жобаларын бекіту жұмысына қатысқан.
Айта кетейік, өткен демалыс күні БАҚ-та Бердімұхаметовтың өлімі жайлы ақпарат тараған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807216-berdimhamedovty-kazasy-turaly-habardan-so-zergilikti-telearnalardy-biri-krsetti/