Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тальгоның ішінде қыз зорлады деп айыпталған жолсеріктер сот үкімін күтіп отыр

Опубликовано:

Тальго пойызында жолаушыны жабылып зорлады деп айыпталған екі ақтөбелік жолсерік сот үкімін күтіп отыр. Ақтөбе мен Қостанай облысы сот залдарының арасында онлайн жүріп жатқан жабық сот отырысына кеше үкім шығу керек болатын деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Жантүршілергік оқиға 2018 жылдың 25 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласынан Ақтөбеге қарай бағыт алған тальго пойызында тіркелген. Жәбірленуші 35 жаста. Ал айыпталушылардың екеуінің де жасы кіші. Бірі 23 жаста, екіншісі 30 жас шамасында.

"Жәбірленуші пойыз мейрамханасында барған. Екі танысымен сыра ішкен. Кейін вагонына келгенде ішінде азаматтық киіммен жолсерік сыра ішіп отырады. Жәбірленуші өзімен келе жатқан жолаушының қайда екенін сұрағанда жолсерік оны басқа орынға отырғызғанын айтады. Жәбірленуші жолсеріктің қасында тек айран ішкен. Кейін демалу үшін ұйықтап қалған. Шамамен таңғы сағат 04:00 шамасында жолсерік купені өз кілтімен ашып кіріп, қызды зорлаған. Қорқыныштан жәбірленушінің даусы шықпай, қарсылық таныта алмаған. Кейін екінші жолсерік кіріп, жағдайды қайталайды. Жәбірленушінің жағдайы қиын. Ғылыммен айналысып жүрген кәсіпкер қыз",-дейді жәбірленушінің өкілі Дина Смаилова.
Дина Смаилова. Фото: KAZ.NUR.KZ
Дина Смаилова. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Айыпталушылар тағылған айыппен келіспейді. Олардың туыстары ел аумағында шу болған жағдайды жолсеріктерге тағылған жала деп отыр.

"Мен айыпталушының әкесімін. Блогерлер әлеуметтік желіде үкім шықпаған істі даурықтырып жатыр. Халықты жинау арқылы сотқа қысым жасалып жатыр деп түсінеміз. Жолсеріктерді кінәлап, халық назарын өздеріне аударып отыр. Айыпталып жатқан менің жалғыз ұлым. Оның бұлай жасауы мүмкін емес. Қазір менің дәлелім жоқ. Бірақ жәбірленуші тарап 2 млн теңгеден, 4 млн теңге ақша сұрады. Біз берген жоқпыз. Әділ үкімді сот шығарады деп сенемін",-дейді сотталушының әкесі Сәрсенбай Құрманиязов.
Сәрсенбай Құрманиязов. Фото: KAZ.NUR.KZ
Сәрсенбай Құрманиязов. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Екі жолсеріктің тағдырына қатысты үкім ертең Қостанай облыстық сотында оқылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807258-talgony-isinde-kyz-zorlady-dep-ajyptalgan-zolserikter-sot-kimin-ktip-otyr/

pixel