Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өз қолыммен өлтіремін": Анасын теріс жолдан шығара алмаған ару жан сырын айтты

Опубликовано:

Анасының өзге ер-азаматтармен сөйлесіп жүргенін байқаған бойжеткен жанайқайымен бөлісті. Әкесі мен бауырлары үшін алаңдайтын ару анасын теріс жолдан қалай шығарарын білмей, басы қатқанын айтты деп жазады "Алаш айнасы".

Фото:psifact.ru
Фото:psifact.ru: Instagram

Жас қыздың айтуынша, оның анасы 40 жастан асқан. Әкесінен өзге азаматтармен сөйлесіп жүргеніне бес жылдың жүзі болған.

"Анамның жасы 40-та. Соңғы бес жылдан бері басқа еркектермен сөйлеседі, жүреді. Сол себепті, әкем екеуінің арасы алыстап кеткен. Әкем оны әзірге басқа еркекпен ұстап алған жоқ. Бірақ бәрін сезеді, береке жоқ үйде.

Ал біздің көзімізше, анам басқа еркектермен сөйлесе береді. Жылап та, ұрысып та айттым. Тіпті, кейде төбелесуге дейін барамыз. Ол үшін Аллам мені кешірмес. Бірақ бізге істеп жүргендеріне жүрегім езіледі. Менің алдымдағы ағам үйге келмейтін болды. Мені қойшы, өзімнен кейінгі іні-сіңілімді ойлаймын. Олар әлі кішкентай, көргендері күнде ұрыс-төбелес, психикалары бұзылатын болды. Не тәрбие алады ата-анасынан?!", - дейді бойжеткен.

Сондай-ақ ол анасының есіл-дерті сыртқа ауып тұратынын шаршағанын да жеткізді.

"Анам мүлде үйге көңіл бөлмейді, ойының бәрі көше. Мен қашанғы әкемнің тамағын істеп, кірін жуып жүре беремін? Оқуға да түсе алмай жүрмін. Осының бәрін тастап, күйеуге шығып кете салғым келеді. Бірақ үйге кім бас-көз болады? Әкем соңғы кезде "шешеңді басқа еркекпен ұстап алсам, өз қолыммен өлтіремін" деп жиі айтады.
Үйдің үлкен қызы болған соң бәрін маған айтады. Әкем арасында ішіп алса, осы себепті үйде төбелес болады. Сол кезде анамды қорғаймын. Болашақ жоқ сияқты. Бір күніммен өмір сүремін, "бүгін үйде ұрыс болмасыншы" деп Алладан тілеймін.

Бірақ болар емес. Қазір де ұрысып, жылап отырмын. Анамның жылуын сезініп, сыйлап жүргім келеді", - деді жан сырын ақтарған ару.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807314-z-kolymmen-ltiremin-anasyn-teris-zoldan-sygara-almagan-aru-zan-syryn-ajtty/

pixel