Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Жібек жолы базарын бұзу жұмыстары тоқтатылды

Опубликовано:

Оңтүстік астанада Жібек жолы базарын бұзу жұмыстары тоқтатылды. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Айтуар Көшмамбетов Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: А.Көшмамбетовтың facebook-тегі парақшасынан алынды
Фото: А.Көшмамбетовтың facebook-тегі парақшасынан алынды: Facebook

Оның айтуынша, 24 шілдеде Алматы қалалық соты мемлекеттік қабылдау комиссиясының салынып жатқан нысанды пайдалануды және тұрғын емес үй-жайларды бөлшектеу туралы актілерін заңсыз деп тануды сұраған мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының талаптарын қанағаттандырудан бас тартты.

Сонымен бірге, сотта айыптаушы тарап 2005 және 2014 жылдарға есептелген қабылдау актілерінің заңдылығына күмән келтіруге тырысты.

Осылайша, сот шешіміне сәйкес "Жібек жолы" базары бұзылмайды. Сәйкесінше, 5 мыңға жуық жалға алушы сауда орындарын сақтайды.

Айта кетейік, "Жібек жолы" базары-алматылықтар авто бөлшектерін сатып алатын ең үлкен базарлардың бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807321-almatyda-zibek-zoly-bazaryn-bzu-zmystary-toktatyldy/

pixel