Алматыда селфи жасап тұрған қыз мотоциклдің астына түсіп қалды (фото)
Опубликовано:
Алматының Алатау ауданындағы Ақан Сара көшесінде мотоцикл жасөспірім қызды қағып кетті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға 25 шілде күні кешке болған. Куәгерлердің сөзінше, жолдың жанында ойнап тұрған екі қыз мотоцикл өтіп бара жатқанда селфи жасаған.
Олардың айтуынша, жасөспірім жолға жүгіріп шығып, мотоциклдің астына түскен. Ал жүргізушісі тежегішті басып үлгере алмай қалған.
Зардап шеккен жасөспірім түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807455-almatyda-selfi-zasap-trgan-kyz-motocikldi-astyna-tsip-kaldy-foto/