Суханбердиеваның кіші баласы Алматыда қайтыс болды
Опубликовано:
Бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның кіші ұлы Алматы қаласында қайтыс болды деп хабарлайды Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы білім және ғылым министрінің бұрынғы кеңесшісі Майраш Тайкенова мәлім етті.
Ол әріптестері, туған-туыстары мен білім саласы ұйымдарының басшылары марқұмның анасының қайғысына ортақтасып, көңіл айтып жатқанын жеткізді.
Еске сала кетсек, бұрынғы вице-министрі Эльмира Сұханбердиеваның кіші ұлы қайтыс болғанын хабарлағанбыз.
Кейінірек экс-шенеуніктің баласы үйдегі бассейнге батып кеткені белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807511-suhanberdievany-kisi-balasy-almatyda-kajtys-boldy/