Алматы облыстық ТЖД Суханбердиеваның кіші ұлының өліміне қатысты мән-жайды айтты
Опубликовано:
Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті бұрынғы білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиеваның кіші ұлының өліміне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Белгілі болғандай, қайғылы жағдай 2019 жылы 25 шілдеде Іле ауданы, Өтеген батыр кентінде болған.
Бұл туралы хабарлама 22:10-да түскен.
"Оқиға орнына келіп жеткен Іле аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлеріне ересектердің қараусыз қалған 2015 жылғы туған баланың жеке тұрғын үйдің бассейніне құлап, суға батып кеткені бегілі болды", - деп хабарлады департамент.
Алматы облысының ТЖД қызметкерлері азаматтарға балаларды суда үлкендердің бақылауынсыз қалдырудың өте қауіпті екенін тағы да ескертті.
Еске сала кетсек, 26 шілдеде бұрынғы вице-министрі Эльмира Сұханбердиеваның кіші ұлы көз жұмғаны белгілі болды.
Кейінірек экс-шенеуніктің баласы үйдегі бассейнге батып кеткені белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807543-almaty-oblystyk-tzd-suhanberdievany-kisi-lyny-limine-katysty-mn-zajdy-ajtty/