Алдағы үш күнде Қазақстанға аптап ыстық қайта оралады
Опубликовано:
Алдағы үш күнде елімізге аптап ыстық қайта оралмақ деп хабарлайды "Қазгидрометке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, 27-29 шілде күндері Қазақстанның бірнеше облысында ауа райы күрт ысиды.
Еліміздің батысында 27 шілде күні жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшеюі мүмкін. Батыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланған.
Сондай-ақ 27 шілде күні Ақтөбе облысында жел күшейіп, найзағай ойнайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807664-aldagy-s-knde-kazakstanga-aptap-ystyk-kajta-oralady/