Нұр-Сұлтанда үйдің 32- қабатында ілініп тұрған әйел күйеуін қорқытпақ болған
Опубликовано:
Нұр-Сұлтандағы "Северное сияние" тұрғын үй кешенінде орын алған оқиғаның мән-жайы белгілі болды. Әлеуметтік желіде тараған суреттегі қыздың 32-қабатта неліктен ілініп тұрғаны анықталды деп хабарлайды Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің ресми өкілі Софья Қылышбековаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Достық" даңғылы, "Северное сияние" тұрғын үй кешені мекен-жайына жеткен полиция әйел мен оның күйеуін Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізді", -деді ол.
Келіншек төменге секіруді жоспарламағанын, осылайша күйеуін қорқытпақ болғанын айтты. Бұл әрекетке ерлі-зайыптылардың арасындағы кикілжің себеп болыпты.
"Жұбайларға қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалды",- деді ПД-да.
Медициналық сараптама ерлі-зайыптылардың екеуі де мас болғанын анықтады.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде "Северное сияние" ТК 32- қабатында ілініп тұрған келіншектің суреті тарап кетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807795-nr-sltanda-jdi-32--kabatynda-ilinip-trgan-jel-kjeuin-korkytpak-bolgan/