Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жоғалып кеткен қарағандылық бойжеткен астанадағы саябақтан табылды

Опубликовано:

Астана полицейлері "Кезбе" атты жедел-профилактикалық шараларын өткізді деп xабарлайды "ҚазАқпарат".

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Getty Images

Рейдтің мақсаты - xабар-ошарсыз кеткендерді іздеу, қылмыскерлерді ұстау және тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғаларды, қаңғыбастарды тауып, тіркеу. Полицейлер жертөлелерді, кәріз жүйелерін, құдықтарды, үйлердің төбелерін, қоқыс тастау орындарында іздеу жұмыстарын жүргізді.

Тұрғылықты мекенжайы жоқтардың тұлғасы анықталып, тіркеуге алынды. Құжаты неліктен жоқ екенін түсіндіре алмағандар полиция бөліміне апарылып, саусақ іздері алынды. Жалпы, 186 адам тіркелді.

Соның бесеуі елорда полиция департаментінің қабылдау-тарату мекемесіне орналастырылды.

Полицейлердің айтуынша, тұрғылықты мекенжайы жоқтар жиі қылмыс құрбаны болады немесе өздері сондай қадамға барады. Рейд кезінде ішінде ТМД елдерінен келген екі азаматы бар 11 қылмыскер ұсталды.

Сонымен қатар xабар-ошарсыз кеткен 7 адамның қайда жүргені анықталды.

Елордадағы саябақтан Қарағанды облысының ПД xабар-ошарсыз кеткен деп жариялаған 20 жасар бойжеткен табылды. Оның туыстарына қыздың қайда екені туралы xабар берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807803-zogalyp-ketken-karagandylyk-bojzetken-astanadagy-saabaktan-tabyldy/

pixel