Баланың iPhone ұялы телефонын тартып алған ақтаулық тұрғын жазаланды
Опубликовано:
Ақтау қалалық соты көшедегі баланың бағалы iPhone ұялы телефонын тартып алған жергілікті тұрғынға қатысты үкім шығарды деп хабарлайды lada.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Іс материалдары бойынша, оқиға 4-шағын аудандағы үйлердің маңайында болған.
Ер адам кәмелет жасқа толмаған балаға жақындап, iPhone телефонын "жақсылықпен" беруін талап еткен. Қарақшының тарапынан ешқандай зорлық-зомбылық әрекеттер болмаған.
Келтірілген залалдың құны 250 мың теңгені құрады.
Ер адам ҚР ҚК-нің 1-бөлімі 2-бабы "Жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданып жасалған тонау" бойынша кінәлі деп танылып, үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807876-balany-iphone-aly-telefonyn-tartyp-algan-aktaulyk-trgyn-zazalandy/