Біртанов жаз бойы еңбек демалысында жүрген әріптесіне шүйлікті
Жарияланған күні:
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов министрліктің жиналысына Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының атынан басшысының орынбасары Ләззат Есенғалиеваның қатысқанына шүйлікті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Сіздің басшыңыз қайда? Еңбек демалысында ма? Демалыста жүргеніне көп болды. Жас бойы демалыста. Еңбек демалысына неге бұлай жібересіздер?", - деп наразылығын білдірді министр.
Сонымен қатар, ол жергілікті жерлерде орындалып жатқан жұмыс үшін, дәлірек айтқанда, орындалмаған жұмыс үшін жауапкершіліктің жоқ екенін өкінішпен атап өтті.
"Жауапкершілік жоқ! Жарты жылда бір рет кездесеміз, пробеламалық мәселелерді талқылаймыз, бәрі жұмыс істеп жатырмыз, мәселелерді шешеміз деп айтады алайда атқарылып жатқан іс шамалы. Ең болмағанда бір бас дәрігер немесе басшы жауапкершілікті мойнына алды ма? Жоқ. Олар жұмысын жалғастыруда. Олар бұған дағдылануда. Мемлекеттік бағдарламада ешкімнің шарауасы жоқ. Әкімдіктегілер өз шаруаларымен жүр, сол себепті (денсаулық сақтау басқармасының басшысы - Ред.) осында қызарып тұрады, ал бұл сұрақ үкімет деңгейінде көтерілгенде әкімдер қызарып тұрады", - деп түйіндеді Біртанов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807947-birtanov-zaz-bojy-ebek-demalysynda-zrgen-riptesine-sjlikti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.