Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы бала ұрлығы: Балабақша тәрбиешісі қанша жалақы алған?

Жарияланған күні:

Алматыдағы балабақшадан бала ұрламақ болған тәрбиешінің әлеуметтік жағдайы төмен болмаған. Алматы қаласындағы №96 бөбекжай-балабақашасының меңгерушісі Наталья Карасева әйелдің еңбекақысы басқа әріптестерімен салыстырғанда едәуір жоғары болғанын айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Алматы ПД, көрнекі фото: pixabay.com
Фото: Алматы ПД, көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Бес жасар баланы ұрлауға әрекеттенген Саягүл Жаңалық №96 балабақшада тәрбиеші болып бес жылдан бері жұмыс істеп келген.

Өзін тек жақсы жағынан көрсеткен үлгілі қызметкердің еңбекақысы да өзгелермен салыстырғанда жоғары болған.

"Біздің балабақшада 19 тәрбиеші жұмыс істейді. Әркімнің еңбекақысы әр түрлі, тәрбиешінің еңбек өтіліне байланысты. Саягүл 130 мың теңге алатын. Бір қызығы, ол ешқашан әлеуметтік жағдайына шағымданған емес. Оның бойынан тек ізеттілік пен кішіпейілділікті көретін едік.
Тіпті ата-аналарда жұмысына ризашылықтарын білдіріп жүретін. Ол 1 шілдеден 12 тамызға дейін еңбек демалысына шыққан еді", - деді №96 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Наталья Карасева.

Меңгерушінің айтуынша, ол Алматы қаласында тұрады. Тұрмыс құрмаған. Үш інісі бар.

Тәрбиеші ұрлап әкетпек болған баланың есімі Әлихан. Қазір ол балабақшаға келіп жүрген жоқ. №96 Бөбекжай-балабақшасы - аралас мектепке дейінгі мекеме. Мұнда 12 топ жұмыс істейді. Олардың алтауы қазақ, алтауы орыс тобы. Барлығы 118 бала.

Естеріңізге сала кетейік, 16 шілде күні Алматыда бет-әлпетін жасырған әйел балабақшадан бала ұрламақ болған.

Ал 25 шілде күні күдікті әйел ұсталды. Күдікті мектепке дейінгі мекемеде жұмыс істеген тәрбиеші болып шыққан. Ол бала оқитын топты басқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808252-almatydagy-bala-rlygy-balabaksa-trbiesisi-kansa-zalaky-algan/