Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оңай емес": Бірнеше мәрте Меккеге барған ана қажылықтың қиындығы жайлы айтып берді

Жарияланған күні:

Осыдан он екі жыл бұрын Анияш Байсалбекова Меккеге барып, "қажы" атағына ие болды. Ол Sputnik Қазақстан-ға берген сұхбатында мұсылмандардың қасиетті жеріне жолы түскеннен кейін өмірі қалай өзгергенін, неге қажылықтың туризм емес екенін және Қағбаның жанында селфи жасаудың қаншалықты дұрыс-бұрыстығын айтып берді хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Sputnik Қазақстан/Абзал Калиев
Sputnik Қазақстан/Абзал Калиев: Facebook

Анияш ұзақ жылдар бойы бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істегенін атап өтті.

Әйел адам 2000-шы жылдан бері намазын үзбей оқуда.

Ол күйеуі екеуі қажылыққа баруды және Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың туған елін көруде жас кездерінен армандағанын жеткізді.

Бірақ қиындықтар алдынан шығып, өмірлік серігі кенеттен қайтыс болған.

"Алла Тағаланың қалауымен 2007 жылы қажылыққа бардым. Бұл қаржылай мүмкіндігі бар адамға ислам дінінің бесінші парызы болып табылады. Содан кейін 2013 жылы екінші рет қайтыс болған күйеуім үшін "бәділ қажылыққа" аттандым.
Мен бірнеше мәрте қажылық жасадым. Дінді түсінбейтін кейбір адамдар бұны басқаша қабылдап жатады... Меккеге ниет етіп барғандар қажылықтың "ерекше аурасын" сезіне алады", - деді әйел адам.

Миллиондаған ниет етушілер қажылық кезінде Мекке мен оның ішіндегі қасиетті тасты айналып қозғалады. Үлкен қажылық рәсімі шыдамдылықты, адалдықты қажет ететін шамамен 17 кезеңнен тұрады.

Мүміндер арнайы ихрам киеді (қажылықта киетін арнайы киім). Мұсылмандар Қағбада орналасқан әл-Харам мешітіне баруға міндетті.

"Қажылық оңай іс емес. Егер ол жеңіл болса, барлығы қажылыққа баратын еді. Біріншіден, ол жер өте ыстық, кейде ауа температурасы 50 градусқа дейін көтеріледі. Екіншіден, адам саны өте көп. Қағбадағы үлкен қасиетті тасты айналу кезінде ниет етушілердің саны бірталай екенін аңғарасың. Барлығының бір ғана "қасиетті тасқа жету" деген мақсаты болады", - деді Анияш Байсалбекова.

Ол қажылық кезінде суретке түсуді дұрыс емес деп санайтындығын жеткізді.

"Бұл жерде "рия" термині туралы айтқым келеді. Ол "жасандылық" мағынасын береді немесе "елге көрсету үшін бірнәрсе жасау" дегенді білдіреді. Бұл "ихсан" ұғымына қарсы келеді", - деді қажы.

Бірнеше айдан кейін Анияш қажы 75 жасқа толады. Өзінің құрметті жасында ол мұсылманның қасиетті қалаларында болуды армандайды. Әйел адам Рамазан айында кіші қажылық жасауды ниет етіп отырғанын жасырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808444-oaj-emes-birnese-mrte-mekke-bargan-ana-kazylykty-kiyndygy-zajly-ajtyp-berdi/