Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Канело" Головкинді титулдық жекпе-жектен айырды

Опубликовано:

Инсайдер Майк Коппинджер Альварес-Деревянченко арасындағы жекпе-жекті DAZN компаниясының мақұлдағанын, тіпті, қос боксшы кездесуі өтетін күн де белгілі болғанын айтты деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Деревянченко IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына үміткер.

Қазіргі уақытта белбеу иесі Сауль Альварес болып табылады.

Алайда мексикалық спортшы жекпе-жектен бас тартқан жағдайда чемпиондық титул Деревянченко мен Головкин арасында сарапқа салынады.

DAZN Сергей Деревянченконы Альвареске қарсылас ретінде бекітті", - деді Майк.

Оның сөзінше, украиндық боксшының менеджерлері мен "Golden boy" өкілдері арасындағы келіссөздер жалғасуда.

Коппинджер Альварес-Деревянченко жекпе-жегі 26 қазанда Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді деп санайды.

Ол Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші айқастың болар-болмайтынын білмейтінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808452-kanelo-golovkindi-tituldyk-zekpe-zekten-ajyrdy/

pixel