Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарбызды қолымен аршыған жігіт желіні шулатты

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде қарбызды небәрі бірнеше секундта қолымен аршып тастаған жеткіншектің видеосы тарап кетті. Желі қолданушылары жасөспірімнің мұндай өнеріне таңырқап қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Видео Instagram-дағы shymkentskayaa тобында жарияланды.

Кадрдан жігіттің кішігірім қарбызды жұлып, сол мезетте аршып, жеп тұрғанын көруге болады.

Желі қолданушылары аталған бейнежазбаны қызу талқыға салды.

Бірі нағыз қарбыздың шын мәнінде осындай болатынын айтса, енді бірі бозбалының іс-әрекетіне таңырқап, қарбыздың Қытайда өсіп тұрғанын жарыса жазды.

"Бұл китайский қарбыз", "Жоқ, нағыз қарбыз осындай болады", "Қытайлық қой", "Жердің өзі құнарлы болған соң, осындай қарбыз піскен шығар енді", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808572-karbyzdy-kolymen-arsygan-zigit-zelini-sulatty/

pixel