Тоқаевтың аяқ киімі қанша тұратыны белгілі болды
Опубликовано:
Президент қазақстандық кәсіпкерден өзіне аяқ киім сатып алды. Мемлекет басшысының жаңа туфлиінің бағасын Tengrinews.kz порталы анықтап көрді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Анықталғандай, бұл аяқ киімді жасап шығарған фабрика Алматы қаласында орналасқан.
Басқарушы директор Дәурен Раманқұлдың сөзінше, БАҚ-та олардың компаниясы туралы мақалалар шыққан соң онымен Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы хабарласқан.
Президент қоңыр түсті аяқ киімді таңдаған. Мемлекет басшысына туфли пошта арқылы жіберілген.
«Бағасы- 21 мың теңге. Аяқ киімнің өлшемі - 43. Біздің аяқ киім таза былғарыдан" , - деді кәсіпкер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808771-tokaevti-aak-kiimi-kansa-tratyny-belgili-boldy/