Әлібек Нұртаев Олимпиада ойындарына дайындық барысы туралы мәлімдеді
Жарияланған күні:
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев 6 айда атқарған жұмыстары туралы брифинг өткізді. Басқарма басшысы спортшылардың жетістіктері, спортты дамыту жұмыстары және Олимпиада ойындарына дайындық барысы туралы мәлімдеді.
2019 жылдың 6 айында қала аумағында жалпы 222 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 41 мыңнан астам адам қатысты. Қала аумағында спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны - 281 235 адам. Барлық жастағы халықтың спортпен қамтылу көрсеткіші - 27,8 пайыз.
"Бүгінде қала көлемінде 67 спорт түрі (37 олимпиадалық, 24 олимпиадалық емес) дамуда. 2019 жылдың 6 айында қала спортшылары ҚР чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, 272 алтын, 256 күміс, 278 қола медаль жеңіп алды. Азия чемпионаттары мен кубоктарында қала спортшылары 32 алтын, 14 күміс және 17 қола медальға қол жеткізсе, әлем чемпионаттары мен кубоктарында қала спортшылары 12 алтын, 6 күміс және 8 қола медальге ие болды. Ал ҚР бесінші Жазғы Спартакиадасы бойынша Алматы қаласынан кейін екінші орында келе жатырмыз", - деді басқарма басшысы.
Шымкентте 848 спорт нысаны тіркелген. Оның ішінде 3 стадион, 1 спорт сарайы, 6 спорттық құрылғылар кешені, 12 спорт кешені, 32 спорт манежі, 1 ескек есу базасы, 434 жазықтық құрылғы, 23 теннис корты, 249 спорт залы және т.б. бар. Қалада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы бірқатар спорт нысандары жұмыс істеуде. Мемлекеттік меншіктегі 30 спорт мекемесі мен кәсіпорындар және 1 акционерлік қоғам жұмыс атқаруда.
Сондай-ақ, басқарма басшысы Токио Олимпиадасына бір жыл қалғанын, оған сәйкес жұмыстар атқарылып жатқанынан хабардар етті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808799-libek-nrtaev-olimpiada-ojyndaryna-dajyndyk-barysy-turaly-mlimdedi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.