Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жаңа екі автобус бағыты ашылды

Опубликовано:

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өкілдерінің мәліметінше, жаңа автобустар №16 және №45 бағыттарда қызмет көрсетпек.

Шымкентте жаңа екі автобус бағыты ашылды

№45 автобус Мамандандырылған ХҚКО (Достық шағынауданы) – Алматы айналма жолы – Жиделібайсын көшесі – Ю.Гагарин көшесі – Республика даңғылы – Тәуке хан даңғылы – Ж.Тәшенов көшесі – Төле би көшесін қамтып, теміржол вокзалына дейін барады.

Ал №16 автобус мына бағыт бойынша қызмет көрсетеді: "Shymkent bus" – Тәуке хан - Қойкелді батыр, Ақназар хан, Төле би, Түркістан көшелері, Қонаев, Тәуке хан, Республика даңғылы, Б.Саттарханов, Ашурходжаев, Өркендеу, Чайковский, Б.Саттарханов, Ы.Алтынсарин, Тұрсынбаев көшелері – Ферма.

Өткен аптада қала ішінде № 96 автобус бағытында қатынайтын «Газель» көліктерінің орнына жолаушыларға жайлы жаңа автобустар қызмет көрсете бастаған болатын.

Айта кетсек, 19 маусым қала күніне орай Шымкентте жаңа «Shymkent Bus» автобус паркі ашылған болатын. Осы күні жоспарланған 300 жаңа автобустың 160-ы жеткізілді. Жалпы автопаркте жанармай бекеті, сервистік орталық, автожуу қызметінен бөлек, қызметкерлер үшін жатақхана, медпункт және жүргізушілерге арналған асхана да қарастырылған. Қаладағы автобустарды жаңалау үшін аталған парк таяу арада жаңа 1000 автобус алмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808800-symkentte-zaa-eki-avtobus-bagyty-asyldy/

pixel