Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзін прокурормын деп таныстырған: Алматыда ішімдік ішкен жұп караокеде шу шығарды

Опубликовано:

Алматыдағы караоке-мейрамханалардың бірінде ішімдік ішкен жұп шу шығарды деп хабарлайды Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: hochu.ua
Көрнекі сурет: hochu.ua: Twitter

Voyage караоке-барының әкімшісі ер адам мен келіншек ішімдік ішіп, мейрамхананың қарапайым ережелерін бұзғанын айтты. Олар азамат прокурор болған соң өздерін солай ерсі ұстағанын жеткізген.

Артынан аталмыш жұп тіптен, шыққан шотты жабудан бас тартқан. Нәтижесінде қақтығыс орын алды. Ер адам бар қызметкерлерін балағаттап, әкімшіге кітап пен бөтелкені лақтырған.

Ол шын мәнінде прокурор ма, жоқ па әзірге белгісіз. Бұл жайт тексеріліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808843-zin-prokurormyn-dep-tanystyrgan-almatyda-isimdik-isken-zp-karaokede-su-sygardy/

pixel