Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраулық "тентек" жүргізуші рекордтық көлемде айыппұл арқалады

Опубликовано:

Атырауда 31 шілде күні полиция қызметкерлері ресейлік нөмірмен жүрген Lada Priora автокөлігін тоқтатқан. Жүргізуші құқықбұзушылық саны бойынша рекорд орнатып, оған үлкен көлемде айыппұл салынды деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: Facebook

Облыстық Полиция департаментінің дерегінше, "Кордон-М" комплексі 43 рет жылдамдықты асыру фактісін тіркеген.

Жылдамдықты жақсы көретін жүргізушіге жалпы көлемі 782 750 теңгені құрайтын айыппұл салынған.

Бұл оның соңғы екі айда тіркелген құқықбұзушылық әрекетінің "нәтижесі".

" Ақылды техника оның соңғы екі айдағы ереже бұзушылықтарын тіркеп алды. Жедел басқару орталығына сигнал түскеннен кейін, бейнебақылау жүйесінің операторлары көлікті қалалық автомобильдер ағыны арасынан бақылап, жақын маңдағы патрульге бағдар берді", - деді баспасөз қызметі.

Priora көлін айыппұл тұрағына қойды. Жүргізушімен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, айыппұлды 50% жеңілдік арқылы төлеудің жолдары айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808895-atyraulyk-tentek-zrgizusi-rekordtyk-klemde-ajyppl-arkalady/

pixel