Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Автобус жүргізушісі біреуге табыстауға тиісті 775 мың теңгені жоғалтып алған

Опубликовано:

Екібастұзда ер адам ішінде 775 мың теңгеci бар сөмкесін жоғалтып алды. Ол сөмкесінің жоқтығын қаладан 20 шақырым алыстап кеткен соң байқаған деп хабарлайды Павлодар облысының ПД сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Павлодар облысының баспасөз қызметі
Фото: Павлодар облысының баспасөз қызметі: Facebook

Полицияның ақпаратынша, оқиға шамамен түнгі 11 шамасында болған.

Баймырза Қадырбеков Семей-Қарағанды бағытында қатынайтын автобустың жүргізушісі. Екібастұздағы автотұраққа тоқтаған ол сөмкесінің ішіндегі ақшасы мен құжаттарын жоғалтып алған.

Жүргізушінің сөзінше, ақшасының жоғалғанын өзі емес, жанындағы жолдасы байқапты. Сөмкенің жоқтығын білген кезде Бәйет ауылынан ары өтіп кеткен екен.

Автобус ішінде жолаушылар бар болғандықтан кері қайту мүмкін болмапты. Сөйтіп, автотұрақ пен полицияға хабарласқан.

Фото: Павлодар облысының баспасөз қызметі
Фото: Павлодар облысының баспасөз қызметі: Facebook

Сөмкені полицейлер тауып алыпты. Жүргізуші жоғалтқан ақшасын басқа бір адамға беруі керек болған. Қадырбектің отбасында алты адам болғандықтан бұл соманы қайта орнына қою қиын болатын еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808960-avtobus-zrgizusisi-bireuge-tabystauga-tiisti-775-my-tegeni-zogaltyp-algan/

pixel