Доллар бағамы өсуде: Теңге антирекорд орнатты
Опубликовано:
Доллардың теңгеге шаққандағы бағасы кезекті антирекордты жаңартты. Қазақстандық қор биржасының күндізгі саудасында, бүгін 2 тамызда теңгенің долларға шаққандағы бағамы 385,76 теңгені құрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

KASE-де күндізгі сауда аяқталды. АҚШ валютасы тағы да 75 тиынға қымбаттап, тарихи антирекорд орнатты - оның теңгеге шаққандағы бағамы 385,75 теңгеге жетті.
Осылайша ол кезекті тарихи антирекорд орнатып, оның долларға шаққандағы бағасы 385,75 теңгеге жетті.
Қазақстандық ақша айырбастау нүктелерінде АҚШ валютасын 385-386 теңгеге сатып алып, 386,5-387,5 теңгеден сатып жатыр.
Айта кетейік бұған дейін қазақстандық сарапшылар тамызда орын алуы мүмкін девальвациялық қауіптерге қатысты болжамдарымен бөліскен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809002-dollar-bagamy-sude-tege-antirekord-ornatty/