Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түнгі клубтан шықпайтын әйелінен мезі болған ер адам жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Орда бұзар жасқа келген ер адам Instagram-дағы astana__forum парақшасында түнгі клубтан шықпайтын әйелінен әбден мезі болғанын, өзгелер секілді қарапайым отбасы болғысы келетінін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ер азаматтың айтуынша, оның әйелімен отасқанына төрт жылдың жүзі болған. Алайда жұмысқа жаңадан кірген әйелінің ерсі қылықтары жігітті әбден мезі еткен.

"Үйленгеніме 4 жыл болды, балам бар. Бұрын 210 мың теңге көлемінде табыс табатынмын. Оған қоса қосымша күн көріс көзі болды. Қазір ол да жоқ. Әйелім жұмысқа орналасып, менен жоғары жалақы алатын болды. Сол себепті білгенін істеп жүр. Түнгі клубқа барып, құрбыларымен уақытты көңілді өткізеді. Төсек қатынасында да", - дейді ер адам.

Сондай-ақ ол жұбайының өзге ер адамдармен сөйлесетінін біліп қойған.

Кейіпкердің сөзінше, ол ажырасуға арыз жазған. Алайда әйелі күйеуінің мұндай шешімін құптамай, ажырасуға келісімін бермей жүр екен.

"Тамақ әзірлей алмайды. Баламызды ата-анам қарайды. Бір сөзбен оның басқа жігіттермен сөйлесетінін біліп қойдым. Тіпті 7 мамыр күні маған көңіл аударудың орнына, басқа жігіттермен жазысқан. Жұмыстан кейін үйге қайтқым келмейді. Ыстық тамақ ішіп, кәдімгі отбасы болғым келеді. Шаршадым. Өзі ажырасуды қаламайды. Шаршадым", - деп жазды кейіпкер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809259-tngi-klubtan-sykpajtyn-jelinen-mezi-bolgan-er-adam-zan-syryn-aktardy/

pixel