Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлі колонкалардан су алады": Көлгінов елорданың шет аудандарын аралап шықты

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қаланың шет аударына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті деп хабарлайды елордалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: astana.gov.kz
Фото: astana.gov.kz: UGC
"Елбасы "Nur Otan" партиясының XVIII съезінде елорданың шет аймақтарын дамыту бойынша тапсырма берді. Біздің қалада 16 тұрғын үй алабы бар. Онда 280 мың адам тұрады. Бұл қала тұрғындарының 25 % құрайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың шет аудандарын дамытуды тапсырды. Үш жылдық кезеңге нысандардың тізімі әзірленді. Осы бойынша жұмыс жасаймыз" , - деді Көлгінов.

Қала әкімі шет аудандардың түйіткілді мәселелері 3 негізгі блокқа бөлінгенін атады. Бұл жол және инженерлік инфрақұрылым, әлеуметтік нысандардың аздығы, абаттандыру мәселелері.

Тұрғындар көшеге жарық орнату, жол және жаяу жүргіншілер үшін тротуарлар салу, орталық су құбырын тарту, жылу беру мәселесін шешу, канализация жүйесін құру мәселелерін көтерді. Елорда әкімімен кездесу барысында тұрғындар осы аумақта тұратын азаматтардың еш жұмысты жатырқамай, еңбекке жақын екенін айтты.

Фото: astana.gov.kz
Фото: astana.gov.kz: Instagram

Қаланың шеткері аймақтарының басты проблемаларының бірі – тұрғындардың 30% орталық су құбыры жоқ. Өндіріс, Мичурино, Интернациональный, Көктал, Пригородный, Железнодорожный тұрғын үй алаптарының тұрғындары колонкалардан су алады. Бұған қоса, 698 көшенің 245-і тас төселмеген.

Қаланың шет аймақтарын дамыту бағыты ағымдағы жылы шілде айының соңында премьер-министрдің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында бекітілді. Осылайша, Алтай Көлгінов бір ай ішінде 9 тұрғын үй алабын аралады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809268-li-kolonkalardan-su-alady-klginov-elordany-set-audandaryn-aralap-sykty/

pixel