Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ерекше дөңгелегі бар автобус камераға түсіп қалды (видео)

Опубликовано:

Алматылық жүргізуші ерекше дөңгелегі бар автобусты видеоға түсіріп алған. Қоғамдық көліктің дөңгелектері бұрынғы әскери арбаларды еске салған. Бейнеролик Instagram желісіндегі "kris.p.almaty" парақшасында пайда болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кадр видеодан алынды
Кадр видеодан алынды: Depositphotos

Желі қолданушылары камераның объективіне іліген № 29 автобусты бұрын соғыс кезінде пайдаланған екі дөңгелекті күйме арбаға ұқсатса, енді бірі оны Джеймс Бондтың көлігіне теңеуде.

Желідегілер: "Зомби-апокалипсисқа арналған автобус", "Безумный Макс" Алматыда" деп түрлі пікірлерін жаудырды.

Пікір қалдырған көпшіліктің бірі автобус дөңгелектерінде арнайы қақпақ тұрғанын түсіндірді. Оның айтуынша, бұндай қақпақтарды көптеген жүк көлік жүргізушілері қолданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809270-almatyda-erekse-dgelegi-bar-avtobus-kameraga-tsip-kaldy-video/

pixel