Желіде көлік бөлшектерін сататын базарды қиратқан бұқаның видеосы тарады
Опубликовано:
Желіде ашулы бұқаның көлік бөлшектері базарының күл-талқанын шығарып жатқан видеосы тарап кетті. Жануардан зәресі ұшқан дүкен сатушылары жұмыс орындарынан жан-жаққа қашуға мәжбүр болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Базарды тас-талқан еткен бұқаның видеосы Instagram желісіндегі almaty_dtp_rezerv парақшасында жарияланған.
Автордың жазуынша, бұл жағдай Талғар ауданындағы Гүлдала елді мекенінде көлік бөлшектерін сататын базарда болған.
Бейнежазба авторы жергілікті тауарларға лық толы контейнерлерді қиратқан бұқаны ақыр-соңы тоқтата алғанын жазды.
Сонымен қатар автордың мәліметінше, бұл оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809285-zelide-klik-blsekterin-kiratkan-bkany-videosy-tarady/