Bereket пәтерлері - берекет белгісі
Жарияланған күні:
Бүгін BI Group компаниясының Алматыдағы алғаш рет газбен жабдықталған тұрғын үй кешені тапсырылды. Жоба жетекшісі Руслан Оспанбеков көп пәтерлі Bereket тұрғын үй кешені туралы айтып берді.
Bereket - бұл 285 пәтер, 6 кіреберіс және екі қабатты жер асты паркингінен тұратын 12 қабатты кешен. Ол Шаляпин және Жандосов көшелерінің арасында, Саин көшесінің екінші сызығындағы өте ыңғайлы аумақта орналасқан. Бұл кешен Алматыдағы алғашқы газбен жабдықталған тұрғын үй кешені болғандықтан, барлық жаңа пәтер иелері компания атынан су жаңа газ плитасын сыйлыққа алады!
Ал жаңа пәтер иелерінің жылы лебіздері мен ризашылдығын білдірсе, біздің жұмысымызда да береке болады деген сөз.
Айнұр Тухтамишева, пәтер иесі:
Маған біздің үйдің орналасқан жері ұнайды! Жұмысым да үйдің жанында орналасқан, айналасында мектептер мен балабақшалар бар, бұл әсіресе отбасылар үшін өте ыңғайлы. Оған қоса, терезеден тау да керемет көрініп тұр!
Біздің пәтеріміз 3 бөлмелі, жөндеу жұмыстарын заманауи стильде жасағымыз келеді. Әуезов ауданы өте тығыз орналасқандықтан, бізге ең керегі - үйден қаланың кез-келген жеріне ыңғайлы әрі тез жету мүмкіндігі. Саин, Шаляпин және Жандосов көшелеріне 3 жақтан да шығуға болады. Сонымен қатар маған аула да ұнады: ол сондай жайлы әрі жасыл желекке оранып тұр! Үйіңе қайтуға асығып тұру деген өте керемет сезім.
BI Group құрылысшыларына сәттілік және табыстар тілейміз!
5 жыл ішінде BI Group Алматыда 7 тұрғын үй кешенін салды: «Сезам», Gagarin Park, «Аманат», «Жаңа Жетісу» және «Асыл Тау», Bereket, Gulder 1-1. Егер үй жөнінде сұрақтарыңыз болса, біздің Сату орталықтарына немесе 360 нөміріне хабарласыңыз(ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін).
Үлескерлердің қаражатын тартуға берілген 25.01.2019 жылғы № 64 рұқсат. Уәкілетті компания: «Жан Сай Групп» ЖШС. Құрылыс салушы: Компания «Индустрия Строительства» ЖШС.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809359-bereket-pterleri-bereket-belgisi/