Жаңаөзен полицейлері кісі өліміне күдікті деп танылған ер адамды іздестіруде
Опубликовано:
Жаңаөзен полицейлері өңірдің 29 жастағы тұрғыны Қамбар Аязбаевты іздестіруде. Ер адам кісі өлтірді деген күдікке ілінген деп хабарлайды "Лада"-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Маңғыстау облыстық ПД-нің мәліметінше, ер адам кісі өліміне күдікті деп танылған. Оған іздеу жарияланды. Ер адамға қатысты іс 2016 жылы қозғалды.
Іздеудестіріліп жатқан ер адамның белгілері: бойы шамамен 170-175 см, денесі – орташа, шашы қара, иегінде сақалы болуы мүмкін.
Егер сіз оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, полицейлер 8(7292) 43-08-13, 47-50-52 немесе 102 телефондарына хабарлауды сұрайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809392-zaazen-policejleri-kisi-ltirgen-kdiktini-izdestirude/