Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы Дональд Трампқа көңіл айтты

Опубликовано:

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен демалыс күндері орын алған қайғылы оқиғаларға қатысты АҚШ президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: kick.media
Фото: kick.media: UGC
"Д. Трампқа көптеген жазықсыз азаматтардың өмірін қиған қайғылы оқиғаларға байланысты көңіл айту хатын жолдадым: АҚШ үшін бұл қайғылы сәтте Қазақстан халқы Америка халқының қайғысына ортақтасады. Сізге қайғырып көңіл айтамын, Президент мырза", - деп жазды Тоқаев өзінің" Twitter" парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, өткен демалыс күндері АҚШ-та адамдарды жаппай атудың үш оқиғасы орын алған.

Алдымен Техас штатындағы Эль Пасо супермаркетіндегі келушілерге шабуыл жасалғаны туралы ақпарат пайда болды. Онда 20 адам қаза тауып, 26 адам жарақат алды. Күдікті, 21 жастағы Далластың тұрғыны қылмыс орнында ұсталды.

Екінші атыс Огайо штатындағы Дейтонда болды. Одан тағы 24 адам зардап шекті. Қылмыскер ұсталды.

Бір тәуліктегі үшінші жаппай атыс Чикаго паркінде балалар алаңында орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша, 3 жапа шегіп, 7 адам жарақат алуы мүмкін. .

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809394-tokaev-donald-trampka-kil-ajtty/

pixel