Алматы көшесіндегі қымбат көліктер автожарысының видеосы тарады
Опубликовано:
Алматыда қымбат көліктерге арналған түнгі автожарыс ұйымдастырылды. Оқиғаны камераға түсірген автор одан шоу жасауға тырысқан. Полиция жарияланған видеоларды зерттеп жатыр деп хабарлайды ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Mark Dixson YouTube-арнасында қала көшелерінде болған түнгі жарыстың видеосы шықты. Арнаны 2 мың жазылушы тамашалайды.
Жігіттер соңғы видеода Nissan GT-R әлде BMW M5 қайсысы жылдамырақ екенін тексермек болады.
Бейнежазба май құю бекеттерінің бірінен басталады. Содан кейін жүргізушілер Алматы көшелерімен жүріп, бірнеше жарыс өткізеді.

Алматы ПД баспасөз қызметінің дерегінше, видеоны Әкімшілік полиция басқармасы мен Жергілікті полиция қызметі зерттеп жатыр.
"Қазірдің өзінде көлік жарысына қатысушылардың әрекеттерінде құқықбұзушылық белгілері бар деп айтуға болады", - деді полиция.
Тәртіп сақшылары бейнежазбаға қатысушылардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріп, әкімшілік шара қолданады.

Бұл арнада басқа да жарысқан автокөліктердің бейнелері бар.
Mark Dixson YouTube-арнасында қала көшелерінде болған түнгі жарыстың видеосы өшіріліп тасталған!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809481-tnde-almaty-kselerinde-bolgan-avtozarysty-videosy-tarady/