Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ойлану керек": Ақтөбелік шенеунік әріптестеріне тозақ отын еске салды

Опубликовано:

Қоғамды жемқорлықпен күреске шақырған шенеуніктер Ақтөбе әкімдігінде дін өкілдерімен кездесу өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Өңірде алты айда мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлердің үстінен жемқорлыққа қатысты 80-нен аса қылмыстық іс қозғалған. Статистикалық мәліметтерге алаңдаған мамандар сыбайлас жемқорлыққа қатысты түсіндіру жұмыстарына имамдарды тартуда.

"Соңғы алты айда сыбайлас жемқорлық санатына жататын 80-нен аса қылмыстық іс қозғалды. Әр түрлі салада жауапқа тартылып жатқан мамандар бар. Түсіндіру жұмыстарына дін өкілдері тартылып жатыр. Оның да оң нәтижесі бар", - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департамент басшысы Мирлан Мұхамбетов.

Жиында облыс әкімінің орынбасары тозақ туралы да ойларымен бөлісті.

"Тозақтың ең түбіне түсетін адам өлтіргендер емес, алдағандар. Адам сеніміне кіріп алдағандар тозақтың ең астында болады екен. Ұрпағыңа кесірің тимесін деген сөз бар. Осыдан әр қиянатқа ұрпағыңның жауап беретінін ұмытпау керек. Ата-бабасының біліп-білмей жасаған қиянаттарына ұрпақтары жауап беріп жатады. ., - дейді облыс әкімінің орынбасары Марат Тоғжанов.

Ал өңірдің өкіл имамы облыстағы барлық 67 мешіттің маңдайшасына зұлымдық пен жетқорлықтың зияны туралы хадистер ілінгенін айтты.

"Санасында "Алла көріп тұр" деген ұғымды ұялатқан адам ешкім жоқ жерде де ұрлық жасамайды. Жемқорлықтың қоғамға келтіретін залалы көп. Адам саналы түрде оның отбасы мен ұрпағына келетін зардабы мен зиянын түсіну керек. Барлық мешіт маңдайшаларына, ақпарат тақтайшаларында жемқорлық жөнінде хадистер, аяттар топтастырылған мәліметтер ілінген орын бар. Бұл жұмыстар індеттің зардабын түсіндіруге жол ашады деп ойлаймын" , - дейді "Нұр Ғасыр" мешітінің имамы Төлеби Оспан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809571-ojlanu-kerek-aktbelik-seneunik-riptesterin-tozak-otyn-eske-saldy/

pixel